Хоккейден Қазақстан чемпионатында екі жекпе-жек өтті.
«Снежные Барсы» Өскеменнен құр қол қайтты. Тағы да «Торпедо» үшін жеңісті бірінші үштік сыйлады – Архипов, Петров пен Шин бір-бір шайбадан салды. Осы жеңісінен кейін алаң иелері Лиганың турнир кестесінде алтыншы қатарға шықты.
«Торпедо» - «Снежные Барсы» 4:1 (1:0, 2:1, 1:0)
1:0 - 10:08 - Архипов (Шин, Громов)
2:0 - 31:59 - Петров (Шин, Архипов) ГБ
2:1 - 34:23 - Цыбин (Ермак)
3:1 - 35:08 - Алдабергенов (Зубов)
4:1 - 59:29 - Шин (Архипов, Петров) ПВ
Қақпашылар: Осокин - Дубинскас
«Ертіс» үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Арланнан» сенімді түрде қарымта қайтарды. Соңғы кезеңде көкшетаулықтардың қақпасына бес шайба аттанды. Текетірестің басты кейіпкері – үш рет дөп соққы жасаған алаң иелерінің форварды Диас Атаханов. Осы жеңісінен кейін павлодарлықтар өосымша көрсеткіштер бойынша ғана плей-офф аймағынан тыс қалып отыр.
«Ертіс» - «Арлан» 6:2 (1:0, 0:2, 5:0)
1:0 - 11:56 - Асуханов (Абдрашитов) ГБ
1:1 - 23:08 - Дюкарев (Лихотников, Карабань) ГБ
1:2 - 25:15 - Клочков (Гребенщиков, Жиляков) ГБ
2:2 - 40:27 - Атаханов (Асуханов, Абдрашитов)
3:2 - 45:07 - Атаханов (Абдрашитов)
4:2 - 55:12 - Воронин (Буденчук, Шлычков)
5:2 - 57:39 - Атаханов (Асуханов) ПВ
6:2 - 59:47 - Евлоев (Шлычков) ПВ
Қақпашылар: Нечвиенко - Мейдер
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.