«Снежные Барсы» командасының оныншы жеңілісі, Дюкаревтің Павлодардағы хет-тригі

10 qazan
1002

Хоккейден Қазақстан чемпионатының тартысты ойын күні бес матчты қамтыды.

«Торпедо» «Снежные Барсы» командасынан басым түсті. Алаң иелерінің үш шайбаны әртүрлі ойын жағдайында салғаны қуантады. Екі голды өскемендіктердің бірінші үштігі Архипов – Петров – Шин салды. Бұл – елордалық ұжымның маусымдағы оныншы жеңілісі.

«Торпедо» - «Снежные Барсы» 3:1 (1:0, 1:0, 1:1)

1:0 - 18:41 - Архипов (Петров, Шин) ГБ

2:0 - 29:04 - Зубов (Дзедаев) ГМ

2:1 - 48:00 - Цыбин (Алибек) ГБ

3:1 - 55:42 - Шин (Архипов, Петров)

Қақпашылар: Осокин – Дубинскас

«Номад» өз алаңында «Ақтөбеден» екінші рет жеңілді. Жеңіс шайбасының авторы – артық құраммен шайба дарытқан Станислав Александров. Қарсыластың қақпасын екі рет алуға «көшпенділердің» капитаны Тамирлан Гайтамиров қатысты.

«Номад» - «Ақтөбе» 3:1 (1:0, 0:0, 2:1)

1:0 - 06:59 - Мухаметов (Никитин, Гайтамиров)

1:1 - 40:50 - Гасников (Александров, Митряков) ГБ

2:1 - 44:29 - Александров (Бойко, Гатамиров) ГБ

3:1 - 59:49 - Пелевин ПВ

Қақпашылар: Шутов - Шаров

«Бейбарыс» Рудныйдан төрт балмен қайтып, турнир кестесінің екінші қатарына табан тіреді. Атыраулықтар әрбір кезеңде көзге түсе алды, бұл ретте қонақтарға артық құрамды тамаша ұйымдастыруы көмектесті. Сондай-ақ 28 соққыны тойтарған «Бейбарыс» қақпашысы Салим Базарбековтің сенімді ойынын ерекше атап өткен жөн.

«Горняк» - «Бейбарыс» 1:4 (0:1, 1:2, 0:1)

0:1 - 12:27 - Бурделёв (Егоров, Иванов) ГБ

0:2 - 24:58 - Маркелов (Бердников, Шабловский) ГБ

0:3 - 37:29 - Воробьев (Иванов, Егоров) ГБ

1:3 - 38:13 - Ширяев (Гурьев)

1:4 - 41:01 - Иванов (Егоров, Воробьев) ГБ

Қақпашылар: Акулинин – Базарбеков

Владислав Дюкаревтің хет-тригі «Арланға» Павлодарда екі балл жинауға көмектесті. Қонақтардың форварды Виталий Жиляков дубль жасап көзге түсті. Павел Валентенконың командасы қатарынан бес рет жеңіске жетіп, «Ақтөбенің» осалдығын пайдаланып кетті. Осылайша Лиганың турнир кестесінде үшінші орынға шықты.

«Ертіс» - «Арлан» 2:6 (1:2, 0:1, 1:3)

0:1 - 00:37 - Дюкарев (Меньщиков, Полохов)

1:1 - 01:04 - Петросян (Буденчук)

1:2 - 18:19 - Жиляков (Жарков, Лихотников)

1:3 - 22:28 - Дюкарев (Карабань)

1:4 - 45:00 - Дюкарев (Михайлов, Карабань)

1:5 - 48:09 - Жиляков (Лихотников, Михайлов)

1:6 - 48:28 - Ларионов (Жиляков, Клочков) ГБ

2:6 - 53:42 - Евлоев (Дюжев)

Қақпашылар: Зыкин – Грязнов

«Хумо» «Сарыарқаның» жеңістер шеруін тоқтата алмады. Қарағандылықтар бүгін қарсы қақпаға аса қатты шүйлікпеді, алайда ұтымды сәттерді тиісінше жүзеге асырды. Нәтижесінде Петерис Скудраның командасы қатарынан 12-ші рет жеңіске жетті. Жеңіс шайбасының авторы – Денис Фёдоров.

«Сарыарқа» - «Хумо» 3:1 (1:1, 1:0, 1:0)

0:1 - 02:40 - Журавлев (Сауков)

1:1 - 18:30 - Борисов (Гофман, Беляев)

2:1 - 34:17 - Фёдоров (Захарчук)

3:1 - 50:53 - Борисевич (Исмагилов, Сиксна) ГБ

Қақпашылар: Каратаев - Смирягин

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.