Номад пен Бейбарыстың жігерлі ойыны, Сарыарқаның 11-ші жеңісі

9 qazan
913

Хоккейден Қазақстан чемпионатының кезекті ойын күнінде үш кездесу өтті.

«Номадпен» түздегі кездесудің 43-ші минутында «Ақтөбе» үш шайба алда келе жатып, ойын барысын өз бақылауында ұстады. Алайда «көшпенділер» бір кезеңге толмайтын уақыт ішінде жеңілістен құтылып, қосымша бес минутта тіпті жеңісті жұлып әкетті. Матчтың басты қаһарманы деп дубль жасаған, осы текетірестің шешуші шайбаларын салған алаң иелерінің форварды Всеволод Логвинді атауға болады.

«Номад» - «Ақтөбе» 4:3 ОТ (0:1, 0:1, 3:1, 1:0)

0:1 - 18:57 - Хоменко (Митряков, Акишин) ГБ

0:2 - 37:36 - Потайчук (Митряков)

0:3 - 42:33 - Гасников (Митряков, Хоменко)

1:3 - 45:41 - Бойко (Мангисбаев)

2:3 - 51:31 - Макеев (Логвин, Рахманов)

3:3 - 58:55 - Логвин (Колобов, Омирбеков)

4:3 - 63:52 - Логвин (Рахманов)

Қақпашылар: Амирбеков – Шаров

Осыған ұқсас жағдай «Горняк» пен «Бейбарыс» ойнаған Рудныйда орын алды. Алаң иелері кездесудің ортасына қарай қарсыласты үш рет састырды, алайда әрі қарай атыраулық хоккейшілер ғана гол салумен болды. Қонақтар ойынды овертаймға айналдырып, Александр Воробьёв салған шешуші голдың арқасында екі балл жинады.

«Горняк» - «Бейбарыс» 3:4 ОТ (1:1, 2:1, 0:2, 0:1)

1:0 - 06:33 - Солтан (Степанов)

2:0 - 26:22 - Платонов (Куршук, Юлбарисов) ГБ

3:0 - 28:59 - Кунишников (Ширяев)

3:1 - 36:05 - Колесников (Маркелов, Бурделёв)

3:2 - 41:08 - Мищенко (Болякин, Тесленко)

3:3 - 58:22 - Скатов (Мищенко, Тесленко)

3:4 - 63:41 - Воробьев (Ананичев) ГБ

Қақпашылар: Акулинин – Доненко

«Сарыарқа» қатарынан 11 матчта жеңіске жетті. Бүгін қазіргі чемпион «Хумоның» арынын басты. Жеңіс шайбасы Кирилл Беляевтің есебінде. Александр Борисевич өз командасы салған барлық голдарға атсалысты.

«Сарыарқа» - «Хумо» 3:1 (1:1, 1:0, 1:0)

1:0 - 17:31 - Злобин (Борисевич, Данияр) ГБ

1:1 - 17:40 - Трунев (Кириллов, Кравченко)

2:1 - 27:38 - Беляев (Борисевич, Злобин)

3:1 - 53:28 - Борисевич (Исмагилов)

Қақпашылар: Каратаев - Мальгин

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.