Хоккейден Қазақстан чемпионаты аясында екі кездесу болып өтті.
«Торпедо» мен «Арланның» Өскемендегі екінші кездесуі тағы да көкшетаулық ұжымның ірі жеңісімен аяқталды. «Көкшеліктерден» 5 (2+3) ұпайды Данила Ларионов иеленді, 4 (2+2) балл Алексей Клочковтың қоржынында. Осылайша, «Арлан» турнир кестесінде үшінші орынға шықты, ал «торпедолықтар» соңғы төрт жекпе-жекте үшінші рет жеңіліске ұшырап отыр.
«Торпедо» - «Арлан» 2:9 (1:2, 0:4, 1:3)
0:1 - 11:09 - Преснов (Ларионов, Клочков)
0:2 - 12:18 - Ларионов (Клочков, Михайлов)
1:2 - 15:34 - Зубов ГБ
1:3 - 27:34 - Ларионов (Михнин, Михайлов)
1:4 - 29:49 - Карабань (Гребенщиков, Степаненко)
1:5 - 36:04 - Клочков (Жиляков, Ларионов) ГБ
1:6 - 38:03 - Клочков (Преснов, Михнин)
2:6 - 47:10 - Петров (Алдабергенов, Шин)
2:7 - 48:36 - Колесников (Костромитин, Степаненко)
2:8 - 53:32 - Полохов (Михнин, Костромитин)
2:9 - 55:14 - Жарков (Ларионов) ГМ
Қақпашылар: Осокин (Янков, 40:00-60:00) - Мейдер
«Ертіс» елордадан төрт балмен қайтты, бұл павлодарлықтарға өзінің турнир кестесіндегі жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. Денис Буденчук дубль жасады, жеңіс шайбасы Илья Олендаренконың қоржынында.
«Ертіс» - «Снежные Барсы» 3:1 (0:0, 2:0, 1:1)
1:0 - 23:02 - Буденчук (Петросян, Левитский)
2:0 - 29:47 - Олендаренко (Петросян, Евлоев)
2:1 - 51:12 - Сапарбек (Алибек, Шапоров)
3:1 - 58:52 - Буденчук (Шкленник) ПВ
Қақпашылар: Нечвиенко - Дубинскас
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.