Өскемендегі сойқан

6 qazan
1443

Бейсенбі күні хоккейден Қазақстан чемпионатында бес кездесу өтті.

«Арлан» түзде «Торпедоны» ойсырата жеңді. Қонақтар үшін, әсіресе, үшінші кезең нәтижелі болды. Айтып өтетін жайт, голдардың жартысын көкшетаулықтар артық құраммен салды. Артём Лихотников 4 (2+2) балл жинады. Өз қақпасына «құрғақ» матчты «Арланның» қақпашысы Максим Грязнов жазды.

«Торпедо» - «Арлан» 0:6 (0:1, 0:1, 0:4)

0:1 - 08:49 - Жарков (Лихотников, Хорошев)

0:2 - 30:21 - Лихотников (Полохов, Жиляков) ГБ

0:3 - 40:46 - Дюкарев (Карабань, Костромитин)

0:4 - 41:04 - Лихотников (Жиляков, Степаненко)

0:5 - 51:45 - Москалёв ГБ

0:6 - 55:35 - Карабань (Лихотников) ГБ

Қақпашылар: Янков (Осокин, 42:39-60:00) - Грязнов

«Номад» «Бейбарыспен» екінші матчтың бастапқы кезеңінде-ақ сүрініп, әрі қарай қарсыласты қуып жете алмады. Атыраулықтар қорғаныста мығым ойнап, қарымта қайтарды. Қонақтардың голкипері Богдан Доненко қақпаға бағытталған 31 соққыға тойтарыс беріп, өз командасына көмектесті. Сонымен қатар «көшпенділердің» қорғаушысы Роман Савченконың Pro Ligasy-дағы алғашқы шайбасын атап өткен жөн.

«Номад» - «Бейбарыс» 1:3 (0:3, 1:0, 0:0)

0:1 - 03:46 - Маркелов (Колесников, Бердников)

0:2 - 06:11 - Иванов (Ананичев, Холоденин)

0:3 - 09:29 - Ананичев (Воробьев, Егоров)

1:3 - 23:21 - Савченко (Александров, Бойко)

Қақпашылар: Павленко - Доненко

«Сарыарқа» мен «Ақтөбе» қарағандылық жанкүйерді екпінді, нәтижелі хоккейімен қуантты. Бүгін алаң иелері дәлірек көздеп, өзінің жеңіс сериясын жалғады. Ал «Ақтөбе» шахтерлер астанасынан ұпайсыз кетіп барады. Қонақтар құрамынан Дмитрий Потайчук дубль жасады. Алаң иелерінен Антон Злобин екі дөп соққы жасады.

«Сарыарқа» - «Ақтөбе» 6:3 (1:1, 2:1, 3:1)

0:1 - 03:14 - Потайчук (Кучин, Киселёв) ГБ

1:1 - 15:04 - Беляев (Огиенко, Борисевич)

2:1 - 22:39 - Боровков (Фёдоров, Сиксна)

3:1 - 26:39 - Пархоменко (Борисевич, Анохин) ГБ

3:2 - 29:15 - Хамматов (Воронин, Беляев)

4:2 - 45:05 - Лагунов (Гофман)

5:2 - 46:55 - Злобин (Борисевич, Сиксна) ГБ

5:3 - 53:25 - Потайчук (Кучин, Киселёв) ГБ

6:3 - 57:48 - Злобин (Борисевич) ПВ

Қақпашылар: Микушин - Шаров (Ершов, 26:39-60:00)

Кестенің төменгі бөлігіндегі екі команданың текетіресінде «Ертіс» жеңіске жетті. Нияз Абдрашитов хет-трик ижасады. Павлодарлықтар чемпионаттағы үшінші жеңісіне қол жеткізіп, кубоктік сегіздіктен арасын бір ғана балл бөліп тұр.

«Ертіс» - «Снежные Барсы» 6:2 (1:0, 3:0, 2:2)

1:0 - 16:37 - Абдрашитов (Шлычков, Атаханов)

2:0 - 35:39 - Тагамбаев (Олендаренко)

3:0 - 36:36 - Абдрашитов (Атаханов, Асуханов)

4:0 - 38:05 - Абдрашитов (Атаханов, Асуханов)

5:0 - 44:52 - Галеев (Буденчук, Петросян) ГБ

5:1 - 50:49 - Алибек (Гросс)

5:2 - 52:52 - Цыбин (Ермак, Царёв) ГБ

6:2 - 59:45 - Петросян (Чалов, Буденчук)

Қақпашылар: Нечвиенко - Пестов (Дубинскас, 40:00 - 60:00)

«Хумо» оңтүстік астанадан төрт ұпаймен қайтты. Ойында екінші кезең шешуші болып, қонақтар үш нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Жеңіс шайбасы Владимир Журавлёвке тиесілі.

«Алматы» - «Хумо» 2:5 (0:1, 1:3, 1:1)

0:1 - 07:07 - Давыдов (Журавлев)

1:1 - 22:57 - Анисимов (Гриценко)

1:2 - 28:28 - Шингареев (Кравченко, Кириллов)

1:3 - 29:41 - Журавлев (Чеботарев, Валеев)

1:4 - 45:54 - Игнатушкин (Кравченко)

2:4 - 48:45 - Анисимов (Гриценко)

2:5 - 53:54 - Рехтин (Дорофеев, Курашов)

Қақпашылар: Вилардо – Смирягин 

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.