Петропавлдағы қарымта, Ақтөбе Сарыарқаны тоқтата алмады

5 qazan
1052

Қазақстан чемпионатында төрт кездесу болып өтті.

«Горняк» «Құлагерден» қарымта қайтарды. Кездесудің негізгі оқиғалары екінші кезеңде орын алды: рудныйлықтар қарсыласты үш рет састырды. Валерий Садиков пен Максим Кунишников үш балдан алды.

«Құлагер» - «Горняк» 2:5 (0:1, 1:3, 1:1)

0:1 - 04:22 - Ширяев (Кунишников, Садиков)

1:1 - 22:44 - Казаченко (Поляничев, Шульга)

1:2 - 26:17 - Катков (Куршук, Юлбарисов) ГБ

1:3 - 31:54 - Садиков (Галимов, Кунишников)

1:4 - 36:09 - Гурьев (Шетле) ГМ

1:5 - 44:30 - Кунишников (Садиков)

2:5 - 58:19 - Лызин

Қақпашылар: Хозяшев - Акулинин (Лигай, 56:50-60:00)

«Номад» Салим Базарбековтің құрғақ жеңістері мен жалпы «Бейбарыстың» жеңістер сериясын тоқтатты. Кирилл Казаков дубль жасады, жеңіс шайбасы Максим Мухаметовке тиесілі. «Көшпенділердің» қақпашысы Максим Павленко қақпаға бағытталған 25 соққыға тойтарыс берді.

«Номад» - «Бейбарыс» 4:2 (1:0, 0:1, 3:1)

1:0 - 06:17 - Нургалиев (Мухаметов, Колобов)

1:1 - 21:38 - Дубинин (Воробьев) ГБ

1:2 - 40:36 - Маркелов (Бердников, Кондратьев)

2:2 - 48:45 - Казаков (Пелевин)

3:2 - 54:38 - Мухаметов (Нургалиев, Рунов) ГБ

4:2 - 59:11 - Казаков (Колобов, Мухаметов) ПВ

Қақпашылар: Павленко - Базарбеков

Ойын күнінің негізгі жекпе-жегінде «Сарыарқа» Дмитрий Шаровтың 32 соққыға тойтарыс бергеніне қарамастан, «Ақтөбенің» арынын басты. Александр Борисевич дубль салып, нәтижелі пас берді. Қарағандылықтар қатарынан оныншы кездесуде жеңіске жетіп, Лиганың турнир кестесінде көш бастап келеді.

«Сарыарқа» - «Ақтөбе» 4:2 (2:1, 1:1, 1:0)

1:0 - 01:57 - Борисевич (Злобин, Исмагилов)

2:0 - 05:20 - Захарчук (Борисов, Пархоменко)

2:1 - 09:37 - Гасников (Александров, Митряков) ГБ

3:1 - 30:31 - Сиксна (Фёдоров, Борисевич)

3:2 - 36:12 - Ильин (Сошников, Хоменко)

4:2 - 59:48 - Борисевич (Сиксна, Пархоменко) ПВ

Қақпашылар: Каратаев - Шаров

«Алматы» қатарынан үшінші рет жеңіліске ұшырады. Бүгін оңтүстікастаналық ұжым өз алаңында «Хумоға» жол берді. Ойыншы мансабын қайта жалғастырған Дмитрий Мальгин 24 соққыға тойтарыс берді.

«Алматы» - «Хумо» 1:4 (0:1, 1:3, 0:0)

0:1 - 07:55 - Дорофеев (Караваев, Чеботарев)

0:2 - 24:30 - Караваев (Рехтин)

0:3 - 26:15 - Игнатушкин (Кравченко, Трунев)

0:4 - 34:59 - Валеев (Журавлев)

1:4 - 36:55 - Баженов (Анисимов, Ваулин)

Қақпашылар: Вилардо - Мальгин 

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.