Қарағандыда Pro Hokei Ligasy-ның күміс жүлдегері мен Қазақстан чемпионын марапаттау салтанаты болып өтті.
Іс-шараға Қазақстан хоккей федерациясының Президенті Асқар Мәмин және Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты.
Осымен екінші жыл қатарынан Қазақстан чемпионатының финалында қарағандылық «Сарыарқа» және көкшетаулық «Арлан» кездесіп отыр. Шешуші кезең Қазақстанның шахтерлер астанасында қалады. «Арлан» тағы да күміс медальдар иеленді.
Сонлай-ақ маусымның өз амплуасындағы үздік хоккейшілері өз марапаттарын алды.