Сарыарқа салған гол бойынша ҚХФ түсіндірмесі

30 naýryz
1848

ҚХФ республикалық жарыстар өткізу бөлімі «Сарыарқаның» овертаймда есепке алынған голы бойынша жағдайды түсіндіреді.

Кеше Қарағандыда өткен «Сарыарқа» - «Номад» кездесуінің 71-ші минутында «Номад» командасының қақпасы алынып, бұл шабуылшының қақпашыға тиіп кетуіне байланысты дау туғызды.

ҚХФ республикалық жарыстар өткізу бөлімі бұл эпизодта шабуылшының қақпа аумағында орналасуы қақпашының өз қақпасын қорғауына әсер етпегенін және ойынға елеулі ықпалы болмағанын түсіндіреді. Кездейсоқ тиіп кеткен сәтте шайба қақпашы жасаған қалқаннан өтіп үлгерген еді, оның үстіне шайбаның торға түсуіне қорғанған спортшының аяғы себеп болды.

Эпизодтың қайталауын қарағаннан кейін арбитрлер жиын өткізіп, ИИХФ Төрешілік жөніндегі нұсқаулығының 38.11-қағидасының 3-тармағын басшылыққа ала отырып, қақпаның алынуын есепке алды.