Горняктың овертаймдағы жеңісі, Аноховскийдің покері және Қарағандыдағы сойқан

9 jeltoqsan
1956

«Алтай Торпедо» мен «Горняк» жеңімпазды тек овертаймда анықтады. «Сарыарқа» «Құлагерді» тырп еткізбеді. «Теміртау» оңтүстік астанадан төрт балмен қайтады. «Арлан» буллиттер сериясында «Бейбарысты» жеңді.

«Горняк» «Алтай Торпедомен» матчтың соңғы минуттарында жеңілістен құтылып, овертаймда екі балл жинады. Валерий Садиков дубль жасап, жеңіс шайбасын Иван Ширяев салды.

«Алтай Торпедо» - «Горняк» 2:3 ОТ (0:0, 1:1, 1:1, 0:1)

1:0 – 26:49 – Бондаренко (Алдабергенов, Петрасюк)

1:1 – 30:00 – Садиков (Ширяев, Кунишников)

2:1 – 52:15 – Лагунов (Перосян)

2:2 – 57:50 – Садиков (Ширяев, Кунишников)

2:3 – 61:44 – Ширяев (Щанкин)

Қақпашылар: Рейзвих – Акулинин

«Бейбарыс» «Арланмен» матчтың аяқталуына 19 секунд қалғанда негізгі уақыттағы жеңілістен құтылды. Алайда буллиттер сериясында көкшетаулықтар өз дегеніне жетті. Шешуші соққы Кирилл Старцевке тиесілі.

«Арлан» - «Бейбарыс» 3:2 Б (0:1, 2:0, 1:0, 0:0, 1:0)

0:1 – 18:24 – Бурделёв (Воробьев, Иванов)

1:1 – 28:13 – Боровков (Волгин)

2:1 – 31:29 – Меньщиков (Граборенко, Карабань)

2:2 – 59:41 – Колесников (Титов, Дыньков)

3:2 – 65:00 – Старцев ПБ

Қақпашылар: Румянцев – Мальгин

«Сарыарқа» «Құлагерді» ірі есеппен жеңді. Қарсыластың қақпашыларын төрт рет сан соқтырған Никита Аноховский матчтың қаһарманы атанды. Қарағандылықтар қатарынан алты рет жеңіске жетіп, турнир кестесінде аралық бірінші орынға шықты.

«Сарыарқа» - «Құлагер» 11:2 (1:0, 5:0, 5:2)

1:0 – 18:09 – Кожевников (Ибрайбеков, Воронков)

2:0 – 21:46 – Рахманов (Аноховский, Кулиев) ГБ

3:0 – 27:03 – Данияр

4:0 – 29:46 – Аноховский (Сиксна, Кулиев) ГБ

5:0 – 31:06 – Федоров (Зеленков)

6:0 – 33:26 – Грымзин

7:0 – 46:11 – Аноховский (Рахманов, Кулиев) ГБ

8:0 – 47:21 – Грымзин (Данияр, Беляев)

9:0 – 50:33 – Аноховский (Рахманов) ГБ

10:0 – 51:42 – Аноховский (Рахманов) ГБ

10:1 – 55:03 – Колесников (Репин, Первухин)

10:2 – 57:50 – Логинов

11:2 – 59:50 – Данияр (Кожевников, Хорошев) ГБ

Қақпашылар: Ибрагимов – Нечвиенко (Грязнов, 31:06-51:42)

«Теміртау» Алматымен жекпе-жекте жеңісті уыстан шығарып ала жаздап, дегенмен маусымдағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Үшінші кезеңде алаң иелері есеп айырмашылығын минимумға дейін қысқартты, алайда одан әрі аса алмады. «Теміртаулықтар» үшін жеңіс шайбасын Никита Потапов салды.

«Алматы» - «Теміртау» 4:5 (1:2, 0:3, 3:0)

0:1 – 07:33 – Гусейнов (Потапов) ГБ

1:1 – 12:02 – Ипатов (Галеев)

1:2 – 16:57 – Волков (Преснов) ГБ

1:3 – 21:06 – Преснов (Шафеев) ГМ

1:4 – 27:48 – Жорабек (Потапов)

1:5 – 29:28 – Потапов (Волков, Чеботов)

2:5 – 42:49 – Баженов (Галеев, Леванов)

3:5 – 42:59 – Бухаров (Сейфулов, Фокин)

4:5 – 54:05 – Галеев (Баженов, Яхонт)

Қақпашылар: Короваев (Шалманов, 32:17) – Еремеев