Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті Кубогінің қатысушыларына сәттілік тіледі.
Құрметті турнирге қатысушылар! Қадірлі қонақтар мен жанкүйерлер! Сіздерді хоккейден «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогі үшін» XI халықаралық турнирінің ашылуымен құттықтаймын! Бұл — көпшілік асыға күткен айтулы оқиға. Қазақстан спорт саласының, соның ішінде хоккейдің жан-жақты дамуына баса мән береді. Елімізде түрлі кешендер салынып, жастардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалуда. Жылдан жылға жұрттың хоккейге қызығушылығы артып, спортшылардың шеберлігі шыңдалып келеді. Кілең мықтылар жиналған бүгінгі турнир жоғары деңгейде өтеді деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!