​Алексей Анисимов пен Михаил Карпушиннның қатысуымен өткен төрешілер семинарының қорытындысы (Видео)

21 aqpan
1387

Нұр-Сұлтанда екі күн бойы ҚХФ арбитрлеріне арналған жиындар өтті. Жиындар барысында теориялық білім берілді, матчтар талданып, практикалық жаттығулар өтті.

Іс-шара аясындағы семинар барысында Құрлықтық хоккей лигасының вице-президенті мен бас арбитр Алексей Анисимов, сонымен қатар Ресей хоккей федерациясының төрешілер басқармасының басшысы әрі Жоғары хоккей лигасының бас арбитрі Михаил Карпушин өз тәжірибесімен бөлісті.

Өз әсерлерімен қатысушылар мен ұйымдастырушылар да бөлісті.

Андрей Сачук – ҚХФ атқарушы директоры:

- Біз жыл сайын төрешілерге арнап семинар өткізуге, ҚХЛ-дан, Ресей хоккей федерациясынан тәжірибелі мамандарды шақыруға тырысамыз. Төрешілер маусым бойғы өз сәттерін, эпизодтарын талдап, оларды дұрыс бағалап, қайда дұрыс шешім қабылданған, қай жерде қабылданбағанын тұжырымдай алуы үшін плей-оффтың алдында өткіземіз. Сонымен қатар плей-оффтың қарсаңында арбитрлерде бірыңғай түсінік қалыптасып, әрқайсысы қандай эпизодта ойыншыны аластатуы керек-керек еместігін түсінуін мақсат етеміз.

Алексей Анисимов – ҚХЛ-дың бас арбитрі:

- Бұл жиынды біз командалық ойынға арнаймыз, себебі плей-оффтың алдында бұл – жетістікке жетудің кепілі. Жігіттер жас, олармен араласу әрдайым қызық, жиын қызықты өтті. ҚХЛ-да Қазақстаннан арбитрдің болуын біз әрдайым құптаймыз, бізде Финляндиядан басқа барлық елдің өкілдері бар. Мұндай мақсат ҚХФ басшылығына қатысты да болды, біз бірнеше мәрте өзіміздің қатарымызға қосып, ҚХЛ-дың деңгейіне жеткізгіміз келетін үздіктерді көрсек болды, оларды міндетті түрде қабылдаймыз дегенді айттық. Қайта біз жаз кезінде оларды ҚР Президент кубогі кезінде тексеруге мүмкіндік аламыз.

Дамир Даиров – PRO LIGASY желілік арбитрі:

- Жиындар кіріспе сабақтан басталды, әрі қарай мұзда сырғанадық, тесттер тапсырып, маусымдағы өзіміздің дене дайындығымызды байқадық. Әрі қарай ҚХЛ мамандары келіп, қызықты көптеген дүниемен бөлісті. Әрдайым жоғарырақ көтеріліп, әлем чемпионатына бару, өзіңді басқа деңгейде көру деген мақсат болатын.