«Торпедо» «Теміртауды» жеңіп, қатарынан үшінші рет жеңіске жетті. «Ақтөбе» тартысты кездесуде «Алматының» арынын басты.
«Ақтөбе» өзінің жеңістер легін жалғастыруда. Бүгін батысқазақстандық жігіттер әр матч сайын плей-оффтан алыстап бара жатқан «Алматыны» жеңді. Қонақтарға жеңісті Вадим Ермолаев жасаған дөп соққы сыйлады.
«Алматы» - «Ақтөбе» 2:3 (0:0, 2:2, 0:1)
1:0 – 21:52 – Шинкарецкий
1:1 – 23:47 – Кутугин (Скатов) ГБ
2:1 – 27:52 – Абил (Катасонов)
2:2 – 33:05 – Ковзалов (Воронин)
2:3 – 44:37 – Ермолаев (Гасников, Яхонт)
Қақпашылар: Полуэктов – Тихонов
«Торпедолықтар» «Теміртауға» қарсы матчта қорғаныста сенімді ойнап, өз сәттерін ұтымды пайдаланды. Кездесудің соңына қарай алаң иелері есеп ашқанымен, бұл қорытынды нәтижеге ықпал етпеді. Жеңіс шайбасы тәжірибелі Александр Шинға тиесілі.
«Теміртау» - «Торпедо» 1:3 (0:1, 0:1, 1:1)
0:1 – 08:47 – Куянов (Дерзаев, Дзедаев)
0:2 – 39:15 – Шин (Дерзаев, Гренц)
0:3 – 44:06 – Михайлов (Худяков)
1:3 – 57:57 – Гусейнов (Безруков)
Қақпашылар: Селивёрстов – Янков