Pro Ligasy-ның ең қызықты ауыс-түйістерін бақылауды жалғастырамыз.
Евгений Штайгер «Ертістің» бас бапкері атанды
Ресейлік маман павлодарлық жанкүйерлерге бұрыннан таныс, ол 2016-17 жылғы маусымда команда көшбасшыларының бірі болды. Биылғы маусымды Евгений Викторович «Алматының» бапкерлері құрамында бастады. Енді бапкерді жаңа кезең және жаңа сынақ күтіп тұр – өз командасын турнир кестесінің ең төменгі орнынан көтеруі тиіс.
Валерий Гурин «Торпедоға» ауысты
Мобильді әрі техникасы мықты шабуылшы өзін «Алтай Торпедоның» құрамында тамаша көрсетіп, әрбір ойында орта есеппен бір ұпайдан асыра жинады. Гурин чемпионаттың үздік бомбардирлерінің қатарында және бұл «Торпедо» бапкерлер штабының назарынан тыс қалмады. Мұның алдында өскемендіктер құрамын қорғаушылар Ринат Шафигуллин мен Михаил Козлов, сонымен қатар шабуылшы Адель Галиуллин толықтырды.
Кері бағытта бірінші командадан екіншісіне «Торпедо» үшін небәрі жеті матч ойнаған қорғаушы Алексей Рыжих аттанды.
«Горняк» оңтайлы құрам іздестіруде
Өткен аптада трансферлік нарықта «Горняк» белсенді болды. Рудныйлықтар Илья Гуляковпен және Артём Терещенкомен қош айтысты, ізінше форвардтар Андрей Олейниковпен және Ильдус Сулеймановпен келесімшарт жасасты. Қос жаңа ойыншы да Қазақстан чемпионатында ойнап көрген, ал Олейников «Арланға» қарсы жеңіс матчында тіпті шайба салып үлгерді.
«Арлан» академиясының көшбасшысы мансабын оңтүстік астанада жалғастырады
Өткен маусымда Денис Гафаров «Арлан» академиясының жастар командасында мықты ойнады. JastarLigasy-ның 39 матчында шабуылшы 62 балл жинады. Ал «Арланның» ересектер сапынан Денис әзірге тұрақты орын иеленген жоқ. Енді бомбардир өзін жаңарған «Алматы» құрамында сынап көрмек.