Жанкүйерлер Қазақстан Кубогының өткен аптада аяқталған топтық кезеңінің қорытындысы туралы кейбір БАҚ хабарламаларын қызу талқылауда.
Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметі келесідей хабарлайды.
15 желтоқсан күні ProLigasy ресми сайтында қаңтар айының соңында өтетін Кубоктың күні мен құрылымы туралы жаңалық жарияланды. Мақаланың бастапқы нұсқасында техникалық ақауға байланысты қатаң бөліністегі жартылай финалдар құрылымы жарияланды. Ол кезде күнтізбеде үшінші орын үшін ойналатын матч болды, кейін алынып тасталды. Сәйкессіздік анықталғаннан кейін жаңалық түзетілді. Бұл ретте аталмыш жарияланым жаңа ақпараттың келіп түсуіне қарай өзгеріп отырды (үшінші орын үшін матчтың алынып тасталғаны, кейбір матчтардың басталу уақытының өзгеруі).
Сондай-ақ клубтарға дұрыс ресми құжаттар (құрылым, дайындық сырғанаулар кестесі және т.б.) жолданып, ағымдағы турнирде командалар олар бойынша жұмыс істеуде. Кубок барысында бұл құжаттарға ешбір өзгеріс енгізілген жоқ. Мұнымен қоса, турнирдің құрылымы клуб өкілдерімен алдын ала талқыланып, бекітілген болатын. Командалардың баспасөз қызметтері де қорытынды мәліметтерді алып, жартылай финалдық жұптарды таңдау да сол бойынша жүрді.
Турнирді өткізу кезінде қабылданған барлық шешімдер тек күшіндегі ресми құжаттарға сай қабылданғанын атап өтеміз. Барлық құжаттар жалпықолданыста, оларды ligasy.kz сайтынан табуға болады.
Осыған байланысты ҚХФ баспасөз қызметі барлық қазақстандық жанкүйерлерден тек ресми деректерге сенуді және бос дақпырт есебінен өз танымалдығын арттыру үшін кез келген мүмкіндікті құр жібермейтін бейресми дереккөздердің түрлі арандатуларына ермеуді өтініп сұрайды.