Ақтөбе Ертісті ойсырата жеңді

8 qazan
216

Pro Ligasy аясындағы ойын күнінің жалғыз матчы Павлодарда өтті.

«Ертіс» пен «Ақтөбе» арасындағы қарымта кездесуде тартысты ойын бола қойған жоқ. Қонақтар алғашқы кезеңнің өзінде төрт шайба соғып, одан әрі ойын тізгінін уыстарынан шығармады. Батысқазақстандықтар сапында Захар Захаров пен Ян Хоменко үш ұпайдан (екеуі де 1+2) еншіледі. Қақпаға бағытталған 25 соққыны қайтарған Илья Костюков өз есебіне «құрғақ» матч жазды.

Осылайша, «Ертіс» қатарынан 16-шы жеңілісіне ұшырады.

«Ертіс» - «Ақтөбе» 0:6 (0:4, 0:2, 0:0)

0:1 - 05:57 - Хоменко (Герасимов, Козорез)

0:2 - 10:21 - Аипов (Базанов, Хоменко) ГБ

0:3 - 11:06 - Плотников (Александров, Захаров)

0:4 - 17:48 - Базанов (Хоменко, Киселёв)

0:5 - 34:46 - Захаров

0:6 - 38:45 - Калиниченко (Захаров, Плотников)

Қақпашылар: Какенов (Коваль, 40:00-60:00) - Костюков


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.