Хумо жартылай финалда есеп теңестірді

12 naýryz
1455

Ташкентте «Хумо» мен «Бейбарыс» арасындағы жартылай финалдық серияның екінші текетіресі өтеді.

Ойын есебі екінші кезеңнің ортасына қарай ашылды. Никита Колесников көпшілікті таң-тамаша етіп, ыңғайсыз қолымен нысанаға дөп тигізді. Алайда «Хумо» үзіліске дейін таблодағы есепті теңестіріп қана қоймай, алға шықты. Кезеңнің қаһарманы қарсыласқа қарсы көк сызықтан екі шайба дарытқан Алексей Кириллов болды. Иван Фищенко матчтың 47-минутында алаң иелерінің үстемдігін нығайтты.

Кездесудің соңына қарай «Бейбарыстың» жағдайды түзетуге бар мүмкіндіші болды – Артём Аргоковтың командасы жеті минуттан астам уақыт бойы артық құраммен ойнады. Алайда Роман Смирягин камбэк жасауға мүмкіндік бермеді, ташкнеттіктердің қақпашысы өз есебіне 30 сейв жазды және өз командасына жартылай финалдағы бірінші жеңіске қол жеткізуге көмектесті. Командалар Батыс Қазақстанға сериядағы тең есеппен аттанады.

«Хумо» - «Бейбарыс» 3:1 (0:0, 2:1, 1:0)

0:1 - 28:02 - Колесников (Иванов, Бурделёв)

1:1 - 37:04 - Кириллов (Чеботарев, Дорофеев)

2:1 - 39:35 - Кириллов (Валеев) ГБ

3:1 - 46:50 - Фищенко

Қақпашылар: Смирягин - Калмыков

«Хумо» - «Бейбарыс» сериясындағы есеп: 1-1 (2:3 ОТ1, 3:1)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.