Сарыарқа тұрақты чемпионатты жеңді, Хумо құрғақ жеңістер шеруін жалғастырды

31 qańtar
1046

Хоккейден Қазақстан чемпионаты үш матчпен жалғасады.

«Сарыарқа» Өскеменнен төрт балмен қайтты. Екінші кездесу маусымдағы 36-шы матчын жеңген қарағандылықтардың сенімді жеңісімен аяқталды және олар тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша бірінші орынды иеленді.

«Торпедо» - «Сарыарқа» 2:5 (1:1, 0:1, 1:3)

1:0 - 13:40 - Шин (Петросян) ГБ

1:1 - 17:12 - Данияр (Анисимов, Злобин) ГБ

1:2 - 33:09 - Дёмин (Расулов)

1:3 - 46:26 - Шапорев (Пархоменко, Лагунов)

1:4 - 47:12 - Анисимов (Фёдоров, Злобин) ГБ

2:4 - 50:06 - Алдабергенов (Назаренко, Панченко)

2:5 - 53:26 - Огиенко (Расулов) ГБ

Қақпашылар: Янков - Каратаев

«Хумо» қатарынан төртінші матч өз қақпасына шайба жуытпай келеді. Қарсыласты екі рет Павел Синявский састырды, Роман Смирягин 13 соққыға тойтарыс берді.

«Снежные Барсы» - «Хумо» 0:7 (0:2, 0:4, 0:1)

0:1 - 01:35 - Кравченко (Рехтин)

0:2 - 07:15 - Фищенко (Шураков, Кириллов)

0:3 - 24:40 - Синявский (Сулимов, Кириллов)

0:4 - 36:39 - Рехтин (Дорофеев)

0:5 - 37:45 - Синявский (Тунхузин)

0:6 - 38:42 - Трунев (Игнатушкин)

0:7 - 51:45 - Валеев

Қақпашылар: Дубинскас (Пестов, 40:00- 0:00) - Смирягин

«Номад» Петропавлда қарымта қайтарды. Бірінші кезеңде-ақ елордалық ұжым жайлы есеп айырмашылығын орнатты. Олег Бойко дубль жасап, жеңіс шайбасының авторы атанды.

«Құлагер» - «Номад» 2:4 (0:2, 1:2, 1:0)

0:1 - 01:23 - Бойко (Гусейнов, Тетерин)

0:2 - 02:33 - Казаков (Мухаметов)

1:2 - 32:23 - Баженов (Волков)

1:3 - 33:23 - Бойко (Макеев)

1:4 - 35:50 - Диханбек (Муратов, Мухаметов) ГБ

2:4 - 58:46 - Потапов

Қақпашылар: Хозяшев - Калмыков (Павленко, 58:15-60:00)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.