ҚР Кубогі қатысушыларының құрамы мен кестесі

26 shilde
1994

ProHokeiLigasy командалары арасындағы дәстүрлі турнир 24 тамыз бен 1 қыркүйектің аралығында үш қалада өтеді.

Турнир қатысушыларының құрамы мен форматы

Биыл беделді кубок үшін 13 ұжым тартысатын болады, олар өткен маусымның рейтингісіне сәйкес үш топқа бөлінді.

«А» тобында «Теміртау», «Хумо», «Құлагер», «Ақтөбе» және турнирдің қазіргі жеңімпазы «Сарыарқа» ойнайды. Бұл топтың кездесулері Қарағандыда өтеді.

«В» квартетін «Алматы», «Горняк», «Торпедо» мен «Арлан» құрады. Бұл топ аясындағы матчтарды оңтүстік астана қабылдайды.

Нұр-Сұлтанда «С» тобы аясындағы өз ойындарын «Ертіс», «Снежные Барсы», «Номад» пен «Бейбарыс» өткізеді.

Алдын ала раундтың қорытындысы бойынша төрт команда Кубок үшін тартысты жалғастырады. Плей-офф раундына өз топтарының жеңімпаздары, сонымен қатар екінші орын алғандар қатарынан үздік атанған ұжым шығады. Олардың барлығы алдын ала кезең нәтижелеріне сәйкес рейтингке ие болады (Q1-Q4). Әрі қарай елордада жартылай финалдық жарыстар мен финал өтеді.

Турнир кестесі

АЛДЫН АЛА РАУНД

24 тамыз, сәрсенбі

14:00 «AQTOBE» – «TEMIRTAY»

19:00 «HUMO» – «SARYARQA»

25 тамыз, бейсенбі

14:00 «GORNAK» – «TORPEDO»

14:00 «BEIBARYS» – «ERTIS»

19:00 «QULAGER» – «HUMO»

19:00«ARLAN» – «ALMATY»

19:00«SNEJNIE BARSY» – «NOMAD»

26 тамыз, жұма

14:00 «AQTOBE» – «QULAGER»

19:00 «SARYARQA» – «TEMIRTAY»

19:00«GORNAK»– «ARLAN»

19:00 «SNEJNIE BARSY» – «BEIBARYS»

27 тамыз, сенбі

17:00 «HUMO» – «AQTOBE»

17:00 «TORPEDO» – «ALMATY»

17:00 «NOMAD» – «ERTIS»

28 тамыз, жексенбі

14:00 «TEMIRTAY» – «HUMO»

14:00 «ALMATY» – «GORNAK»

14:00 «ERTIS» – «SNEJNIE BARSY»

19:00 «SARYARQA» – «QULAGER»

19:00 «ARLAN» – «TORPEDO»

19.00 «BEIBARYS» – «NOMAD»

29 тамыз, дүйсенбі

14:00«QULAGER» – «TEMIRTAY»

19:00«SARYARQA» – «AQTOBE»

ПЛЕЙ-ОФФ РАУНДЫ

31 тамыз, сәрсенбі

14:00 Q1 – Q4

19:00 Q2 – Q3

1 қыркүйек, бейсенбі

19:00 S1 – S2 (финал)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.