ҚХФ баспасөз қызметі чемпионат барысында өз командаларының жетістігіне ең көп үлес қосқан ойыншылар туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады. Бүгінгі материал 23 наурыз өткен «Ақтөбе» - «Бейбарыс» матчын ескере отырып, жарияланады.
Pro Ligasy плей-оффының екінші аптасының ойыншысы болып Максим Мухаметов танылды. «Номадтың» шабуылшысы өз командасының жартылай финалға шығуына елеулі үлес қосты.
Үш матчтың нәтижесі бойынша Максим (+5) пайдалылық көрсеткішімен нәтижелілігі үшін 5 (4+1) балл жинады. Кездесулердің бірінде ол хет-триктің авторы атанды. Қазіргі таңда бес шайба салған Мухаметов плей-оффтағы үздік сұр мергендер көшін бастап келе жатқанын атап өткен жөн.