ҚХФ баспасөз қызметі чемпионат барысында өз командаларының жетістігіне ең үлкен үлес қосқан ойыншылар туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.
Өткен аптаның ойыншысы ретінде Александр Борисевич танылды. «Сарыарқаның» шабуылшысы қарағандылықтардың «Ертіске» қарсы ойында ұйымдастырған шабуылдар легіне қатысты.
Екі кездесу бойынша Александр +7 пайдалылық көрсеткішімен теңдессіз 13 (3+10) ұпайды қанжығаға байлады. Борисевич екінші текетіресті ерекше өткізді: бір шайба салып, жеті нәтижелі пас берді.
Айтып өтетін жайт, осы кездесулерге дейін ағымдағы тұрақты чемпионатта форвард 19 балға ие болды. Дәл қазір Борисевич Pro Ligasy-ның 30 үздік бомбардирлерінің қатарына кірді.