Қазақстан чемпионаты үзіліске кетуге мәжбүр болған шақта назарымызды ағымдағы чемпионатта өзін жақсы жағынан көрсеткен ойыншыларға аударайық.
Дәл қазіргі сәтте ағымдағы чемпионаттың ең «пайдалы» ойыншысы – Ярослав Евдокимов. Өткен жылғы маусымы аса сәтті болмаған тәжірибелі форвард «Арланға» өтіп, бір сілкініп алды.
Тұрақты чемпионаттың 33 матчында ол +22 пайдалылық көрсеткішімен 29 (13+16) ұпай жинады. Евдокимовтің активінде екі дубль және нәтижелілігі үшін үш балл жиған екі жекпе-жек бар. Маусымның алты ойынында ғана Ярослав теріс пайдалылық көрсеткішімен кетті.