Қазақстан құрамасының БАҚ-қа арналған ашық жаттығуы

3 mamyr
1576

Барлық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне!

2021 жылдың 5 мамырында 10:45-те Нұр-Сұлтандағы «Барыс Арена» мұз айдынында 2021 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының ашық жаттығуы өтеді. Фотографтар мен бейнеоператорлар аренаның «таза емес» аймағына өте алады. Жаттығу аяқталғаннан кейін команданың бас бапкері мен бас менеджерінің қатысуымен онлайн баспасөз мәжілісі өткізіледі.

Ашық жаттығуға тіркелу үшін press@icehockey.kz электрондық мекенжайына келесі форматта мәліметтерді жолдау қажет:
1) Т.А.Ә.
2) Лауазымы
3) Ел, қала
4) БАҚ атауы
5) БАҚ туралы қысқаша ақпарат
6) Блогерлер үшін: әлеуметтік желілердегі хоккей туралы авторлық материалдары бар парақшаны көрсету қажет
7) Байланыс: Email, ұялы телефон нөмірі
Өтінімдер 2021 жылдың 4 мамыры сағат 15:00-ге дейін қабылданады
Естеріңізге сала кетейік, 21 мамыр мен 6 маусым аралығында Латвия астанасы – Ригада топ-дивизионда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты өтіп, онда біздің құрама Қазақстан атынан Б тобында өнер көрсететін болады.