Торпедо Pro Ligasy-ның қола медальдарымен марапатталды

18 sáýir
1346

Өскемендік «торпедолықтар» маусымды жанкүйерлерімен бірге дәстүрлі Достық матчымен аяқтады және Қазақстан чемпионатының қола марапаттарын алды.

Іс-шара 17 сәуір Борис Александров атындағы Спорт сарайында өтті. Марапаттау салтанатына Қазақстан хоккей федерациясының Шығыс-Қазақстан филиалының директоры Юрий Селивёрстов, сондай-ақ «Торпедоның» ардагерлері Виктор Набоков пен Алексей Грищенко қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Олег Болякиннің командасы тұрақты чемпионатты мерзімінен бұрын жеңді. Ширек финалда «Торпедо» төрт кездесуде «Алматыны» жеңді. Жартылай финал кезеңінде өскемендіктер бес кездесуде «Арланға» есе жіберді.