Номад Қазақстан чемпионатының қола медальдарымен марапатталды

9 sáýir
1200

Барлық санитарлық-эпидемиологиялық қағидалар қатаң сақтала отырып, «Барыс-Аренада» өткен іс-шараға Қзақстан хоккей федерациясының атқарушы директоры Андрей Сачук пен «Барыстың» бірінші вице-президенті Болат Қарабалин қатысты.

Қола медальдармен команда ойыншылары, бапкерлер штабы мен персонал марапатталды. Естеріңізге сала кетсек, «Номад» тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша бесінші орынды иеленді. Плей-оффта Александр Высоцкийдің ойыншылары жартылай финалға дейін жетті. «Көшпенділердің» өкілдері Владимир Крамарь мен Мадияр Ибрайбеков тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша өз функцияларында үздік ойыншылар тізіміне енді.