Ағымдағы маусымның Pro Ligasy қола жүлдегерлері анықталды. Олар елордалық «Номад» пен өскемендік «Торпедо».
Александр Высоцкийдің командасы тұрақты чемпионатты турнир кестесінде бесінші орынмен аяқтады. Әрі қарай «көшпенділер» «Теміртаумен» ширекфиналдық қақтығыста жеңімпаз атанып, жартылай финалда қарағандылық «Сарыарқаға» жол берді.
«Торпедалықтар» тұрақты чемпионатты мерзімінен бұрын жеңді, алайда плей-оффта жартылай финалдан өте алмай қалды. Бірінші раундта Олег Болякиннің ұжымы «Алматыны» жеңді, алайда көкшетаулық «Арланға» есе жіберді.
Pro Ligasy регламенті бойынша «Номад» пен «Торпедо» Қазақстан чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.