Тамбиев пен Высоцкийге айыппұл салынды

1 sáýir
1727

31 наурыз күні «Сарыарқа» мен «Номад» арасындағы жартылай финалдық серияның екінші матчы аяқталғаннан кейін оқыс оқиға орын алды.

Республикалық жарыстар өткізу бөлімі барлық материалдарды зерттеп, «Сарыарқаның» бас бапкері Леонид Тамбиевке ұятсыз және қорлайтын ишара білдіргені үшін жаза қолданып, бір матчқа аластату және ақшалай айыппұл салу туралы шешім қабылдады. «Номадтың» бас бапкері Александр Высоцкий ойын аяқталғаннан кейінгі бұзақы әрекеттері үшін ақшалай айыппұлмен жазаланды.