Pro Ligasy тұрақты чемпионатының үздік ойыншылары

16 naýryz
1513

Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңі қарқын ала бастаған шақта өткен тұрақты чемпионаттың ерекше көзге түскен ойыншыларын назарларыңызға ұсынамыз.

Үздік қақпашылар.

Бұл рейтингке өз командасы матчтарының кемінде 50%-ын мұз айдынында өткізген спортшылар кірді.

Андрей Янков («Құлагер»)

Тәжірибелі қақпашы кезекті рет өз деңгейін тұрақты чемпионаттың барысында дәлелдеді. 30 матчта (20 жеңіс) Андрей 57 шайба өткізіп, шайбалардың 94,68%-ына тойтарыс берді. Сенімділік коэффициенті 1,89 құрады. Янковтың қоржынында сондай-ақ үш «құрғақ» жекпе-жек пен бір нәтижелі пас беру бар. Жалпы алғанда, голкипер 1800 минуттан астам уақыт ойнады. Бұл лигадағы үздік нәтижелердің бірі.

Владимир Крамарь («Номад»)

Өткен тұрақты чемпионаттың ең көрнекті ойыншыларының бірі мұзда 1650 минутын өткізді. Дәл осы ойыншының сенімді ойынының арқасында «Номад» ұзақ уақыт бойы Pro Ligasy көшбасшыларының қатарында болды. Крамарь 30 матчтың 21-інде жеңіске жетіп, орта есеппен 1,78 шайба өткізді. Тойтарыс берген соққылар пайызы – 93,2. Тұрақты чемпионаттың бес матчында қақпашы мұз айдынынан шайба өткізбестен кетті. Сондай-ақ Владимир бір рет нәтижелі пас берді.

Никита Бояркин («Сарыарқа»)

Сенімділік коэффициенті мен «құрғақ» кездесулер саны бойынша қақпашылар арасындағы көшбасшы турнир кестесінде екінші орынға табан тіреген өз командасының жетістікке жетуіне мұрындық болды. Бояркин 31 матч өткізіп, 21 рет жеңіске жетті және 11 рет қарсылас ойыншыларына шайба салғызбады. Орта есеппен Никита бір ойында 1,66 шайба өткізіп, соққылардың 92,96%-ына тойтарыс берді. Тұрақты чемпионат барысында «Сарыарқа» өкілі мұзда 1773 минутын өткізді.