Торпедо – Алматы матчтары кейінге қалдырылды

15 naýryz
1270

Республикалық жарыстар өткізу бөлімі «Торпедо» мен «Алматы» арасындағы ¼ финал сериясындағы матчтар кейінге қалдырылатынын хабарлайды.

Әуе және теміржол билеттерінің болмауына байланысты «Алматы» хоккей клубы 17 және 18 наурызда Өскеменде өтуі тиіс матчтарға уақытылы жете алмайды. Осыған байланысты «Торпедо» мен «Алматы» арасындағы ¼ финал сериясындағы үшінші және төртінші жекпе-жектер Өскеменде 18 және 19 наурызда өтеді.