Pro Ligasy ¼ финалының барлық жұптары анықталды

10 naýryz
1233

Хоккейден Қазақстан чемпионаты ширекфиналистерінің барлық жұптары белгілі болды.

«Бейбарыс» «Ертісті» сенімді түрде жеңіп, тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша үшінші орын иеленді. Демек, атыраулық команданың қарсыластары плей-оффтың бірінші раундында алтыншы қатардағы «Арлан» болады деген сөз. Серияның алғашқы матчтары 13 және 14 наурызда Көкшетауда өтеді.

Жартылай финалған тағы бір жолдама үшін «Теміртау» (4) мен «Номад» (5) бақ сынасады. Серия 13 наурыз елордада басталады.