Торпедо тұрақты чемпионаттағы жеңісі үшін марапатталды

6 naýryz
1201

Өскемендіктер тұрақты чемпионат бағдарламасын «Номадқа» қарсы ойындағы жеңісімен аяқтады және Қазақстан хоккей федерациясы тарапынан бірінші орны үшін марапатталды.

Салтанатты шараға ҚХФ спорт директоры Алексей Мамонтов қатысты. 48 матч бойынша Олег Болякиннің ұжымы 122 балл жинап, 42 рет жеңіске жетті.