​Qyzdar Hokei Ligasy бөлімі іске қосылды

6 naýryz
1117

Достар, біз ресурстарымызды жетілдіру үшін барымызды салып жатырмыз!

Сайтымызда Qyzdar Hokei Ligasy Қазақстанның әйелдер чемпионатына арналған бөлім іске қосылды. Бұл бөлімге өту үшін сайттың жоғарғы бөлігіндегі қойындыны ауыстыру не браузеріңіздің жолағынан https://qyz.ligasy.kz/ru теру қажет.

Қазіргі таңда сіздер лиганың жаңалықтарымен, күнтізбемен таныса аласыздар. Сонымен қатар, «турнир кестесі» және «бомбардирлер» блоктары жұмыс істеп тұр. Pro Ligasy парақшасындағыдай «матчтар» блогы бар. Көп ұзамай, сіздерге ыңғайлы болуы үшін қалған функционалды іске қосамыз.