Турдың қаһарманы – Эрик Алдабергенов

3 naýryz
1255

ҚХФ баспасөз қызметі Pro Ligasy-ның ерекше көзге түскен ойыншылары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.

Өткен ойын кезеңінің үздік ойыншысы «Алтай Торпедоның» өкілі Эрик Алдабергенов болды. «Ертіспен» өткен жекпе-жекте өскемендік ұжым екі рет жеңіске жетті (7:1 және 6:3).

Жас шабуылшы екі ойында 3 (2+1) балл иеленіп, ересектер деңгейіндегі алғашқы ұпайларын жинады. Оның қоржынында екінші кездесудегі дубль бар, оның үстіне бір шайба командаға жеңіс әкелді.