Алматы – Pro Ligasy плей-офф кезеңінің сегізінші қатысушысы

1 naýryz
1316

Хоккейден Қазақстан чемпионатының шешуші раундының барлық қатысушылары анықталды.

«Алматының» бүгінгі «Торпедоға» қарсы ойындағы жеңісінен кейін оңтүстік астаналық ұжым плей-оффтан өзіне орын еншіледі. Қазіргі таңда Владимир Князевтің командасы 43 матчтан кейін 62 балл жинап отыр. Теория жүзінде бұл көрсеткішті «Горняк» та қайталауы мүмкін. Алайда қосымша көрсеткіштер бойынша «Алматы» бәрібір жоғары тұрмақ.

Осылайша, Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңіндегі медальдары «Торпедо», «Теміртау», «Сарыарқа», «Номад», «Бейбарыс», «Арлан», «Құлагер» мен «Алматы» арасында ойнатылады.