ҚХФ Теміртау – Ақтөбе матчындағы эпизод бойынша түсіндірмесі

26 aqpan
1192

25 ақпан күні «Теміртау» мен «Ақтөбе» арасындағы кездесудің соңғы секундтарында «Теміртаудың» шайбасы есепке алынған жоқ.

Республикалық жарыстар өткізу бөлімі келесідей хабарлайды. Бұл эпизодта шайба қақпа сызығын кесіп өткен жоқ, ал көрсетілім камерасынан кесіп өткендей көрінуі мүмкін. Төменде видео ұсынылады, онда шайбаның жақтауға тигені айқын көрінеді. Төреші керек позицияда тұрып, жағдайды бағамдады және ойынды тоқтатпастан дұрыс шешім қабылдады.