Арлан Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңінде ойнайды

22 aqpan
1150

Pro Ligasy-ның шешуші кезеңінің алтыншы қатысушысы көкшетаулық «Арлан» болды.

Бүгін Сергей Бердниковтың ойыншылары өз алаңында «Алматыны» сенімді түрде жеңді. Көкшетаулықтардың қоржынында 44 матчтан кейін 73 балл бар. Осы нәтиженің арқасында «Арлан» турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі командалардан алысқа ұзады және ресми түрде плей-оффқа жолдама алды.