Республикалық жарыстарды өткізу бөлімі 2020 жылдың 19 қазанында PRO HOKEI LIGASY Қазақстан чемпионатының «Номад» және «Алтай Торпедо» командаларының арасындағы №1 матчында «Номад» командасы тарапынан PRO HOKEI LIGASY Регламентінің 5-тарауы 22-бабының 5-тармағы бұзылғанын хабарлайды.
Регламентке сәйкес, Чемпионатқабасқа Лиганың қатысушысы болып табылатын клуб командасының құрамында жекелеген матчта хоккей клубының негізгі командасының екіжақты келісімшарттары бар 6 (алты) хоккейшісі (5 алаңдағы ойыншы мен қақпашы) ғана қатыса алады.
«Номад» командасының құрамында «Барыс» командасының негізгі мәлімделген тізіміндегі ойыншылар саны рұқсатты шектен асып кетті. Осыған байланысты республикалық жарыстарды өткізу бөлімі Регламенттің аталмыш тармағы бойынша «Номад» ХК-ға жаза қолданып, 0:5 есебімен техникалық жеңіліс жазу туралы шешім қабылдады.