Sports.ru – Қазақстан хоккей федерерациясының жаңа ақпараттық серіктесі

19 aqpan
1262

Қазақстан хоккей федерациясының жаңа ақпараттық серіктесімен таныстырғымыз келеді. Миллиондаған аудиториясы бар ТМД-ның ең ірі ақпараттық ресурсы – Sports.ru жай жаңалықтар порталы ғана емес, блогтары, әлеуметтік желілері, мобильді қосымшалары бар үлкен платформа.

«Ақпараттық кеңістікті ел аумағынан асыра кеңейту біздіңше, республикалық жарыстар брендінің, сонымен қатар хоккейден қазақстандық құрама командалардың танылуына оң ықпалын тигізеді. Sports.ru-мен жаңа серіктестік – біздің әлеуетті аудиториямызды кеңейтуге, біздің спорттың көрермендері мен жанкүйерлері ауқымын арттыруға жасалған тағы бір маңызды қадамдардың бірі», - деп санайды ҚХФ бас директоры Глеб Каратаев.

«Қазақстан хоккей федерациясымен серіктестік – Қазақстанның ондаған қалаларымен және жергілікті хоккей фанаттарымен танысу мүмкіндігі. Жанкүйерлерді қуантып, федерациясымен бірлескен жобалар жасауға тырысатын боламыз» - дейді Sports.ru Қазақстан басшысы Эдуард Эпштейн.