Теміртау плей-оффқа шықты

9 aqpan
1249

Кешегі ойын күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионатының алдағы плей-офф кезеңінің тағы бір қатысушысы анықталды.

Кубоктық раундқа өз алаңында «Горнякты» екі рет жеңген «Теміртау» командасы жолдама алды. Роман Козловтың командасы 38 матчтан кейін 78 ұпай жинады. Осылайша «теміртаулықтар» турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі қарсыластарын жеткізбестен алға кетті.