Сарыарқа мен Номад плей-оффқа шықты

7 aqpan
1199

Хоккейден Қазақстан чемпионатының алдағы плей-офф кезеңіне тағы екі қатысушы өтті.

«Горняктың» бүгінгі «Теміртаудан» жеңілісінен кейін чемпионаттың финалдық бөлігіне «Сарыарқа» мен «Номад» жолдама алды. Қос команда да турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі командаларды шаң қаптырып кетті.

Қарағандылықтардың қоржынында дәл қазір 27 жеңіс, 79 балл бар. Дәл осынша матчты жеңіп алған «Көшпенділердің» қоржынында 77 ұпай бар.