«Ertis» ХК-ға техникалық жеңіліс есептелді

6 aqpan
1255

«Ақтөбе» ХК-ға қарсы матчта «Ertis» ХК-ға техникалық жеңіліс есептелді

«Ertis» командасының ойынға келмеуіне және 2020 жылғы 18-19 желтоқсандағы №155 және №161 матчтарды кейінге шегеру мүмкіндігінің болмауына байланысты Pro Hokei Ligasy регламентіне сәйкес, «Ertis» командасына қос матчта да 0:5 есебімен техникалық жеңіліс есептеледі. «Ақтөбе» командасына шайбаны есепке алмастан, 6 ұпай тағайындалады.