Бейбарысқа қатысты жағдаяттың шешімі

4 aqpan
1498

Даулы мәселелерді қарау тәртібі мен регламентінің сақталуын бақылау бойынша ҚХФ уәкілетті органы болып табылатын Қазақстан хоккей федерациясының құқықтық мәселелер жөніндегі комиссиясы «BEIBARYS» ХК ресми мәлімдемесіне сәйкес шешім қабылдады

  1. ҚР Кубогы регламентінің 12-тарауының 62-бабын басшылыққа ала отырып, «PARIMATCH-QAZAQSTAN KYBOGY 2021» Кубогын өткізу аясындағы №15 матчта «BEIBARYS» командасына 0:5 есебімен техникалық жеңіліс есептелсін;
  2. ҚР Кубогы регламентінің 16-тарауының 92-бабын басшылыққа ала отырып, «BEIBARYS» командасына «PRO HOKEI LIGASY» чемпионатында 2020-2021 маусымды аяқтауға рұқсат берілсін, бұл мәселе ары қарай Қазақстан хоккей федерациясының Атқарушы комитетінің қорытынды жиынында қаралсын;
  3. ҚР Кубогы регламентінің 16-тарауының 90-бабының 9-тармағын басшылыққа ала отырып, «BEIBARYS» хоккей клубына 90 АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын, атап айтқанда, клуб хоккейшілері, бапкерлері, басшылары мен басқа да лауазымды тұлғалары тарапынан төрешілердің атына кез келген қорлық сөздердің айтылуына жол берілмесін;
  4. «BEIBARYS» хоккей клубына ҚР Кубогы регламентінің 96-тарауының 16-бабын басшылыққа ала отырып, атап айтқанда, хоккей клубы қызметкерлерінің, сондай-ақ кубок матчтары төрешілерінің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты БАҚ-та және жаһандық компьютерлік Интернет желісінде таратқан жағдайда, 75 АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын;
  5. Қазақстан хоккей федерациясы Атқарушы комитетінің қорытынды жиынында осы бапты қатаңдату түрінде ҚР Кубогы регламентінің 92-тарауының 16-бабына өзгерту жөнінде ұсыныс енгізілсін.

Федерация ең алдымен спорттық қағидаларды ұстану, спортшылар мен бапкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында шешім қабылдады.