Сарыарқа – Parimatch ҚР Кубогының жеңімпазы

2 aqpan
1200

Қазақстан Кубогының шешуші матчында «Торпедо» мен «Сарыарқа» жеңімпазды тек овертаймда анықтай алды.

Бірінші кезеңде өскемендіктер Дмитрий Стулов салған шайбаның арқасында алға шықты. Екінші кезеңде «Торпедо» үстемдігін арттыруға мүмкіндік алды. Алайда іске келгенде, қарағандылық хоккейшілер дөп түсті. Вадим Зеленков екінші кезең аяқталарға жақын қалғанда көпшілік құраммен гол салды. Кездесудің үшінші бөлігі шайбасыз өтті.

Кездесудің жеңімпазы мен құрметті титулдың иесі овертаймда анықталды. «Сарыарқаға» жеңіс сыйлаған «алтын» шайбаның авторы Сергей Голоднюк болды.

«Торпедо» – «Сарыарқа» 1:2 ОТ (1:0, 0:1, 0:0, 0:1)

1:0 – 15:48 – Стулов (Петросян, Архипов)

1:1 – 38:47 – Зеленков (Михайлов, Никулин) ГБ

1:2 – 62:05 – Голоднюк (Борисевич)

Қақпашылар: Шутов – Бояркин