Parimatch – Қазақстан Кубогының үздік ойыншылары анықталды

2 aqpan
1694

Өткен турнирдің қорытындысы бойынша үш амплуадағы үздік ойыншылардың, сондай-ақ үздік жас спортшының есімі аталды.

Үздік қақпашы – Никита Бояркин («Сарыарқа»)

Кубокта төрт матч ойнап, барлығында жеңіске жетті. Никита небәрі бес шайба өткізді. Сенімділік коэффициенті 1,21, тойтарылған соққылар пайызы – 96,3 құрады. Жалпы алғанда, Бояркин турнирде 129 соқыға тойтарыс берді.

Үздік қорғаушы – Дмитрий Стулов («Торпедо»)

Қорғаныс ойыншысы Кубок аясында бес кездесу өткізді. Алдын ала іріктеу кезеңінде өз қоржынына 3 (1+2) балл салды. Ол салған жалғыз шайба командасын жеңіске жеткізді. Сонымен қатар турнирдің финалдық матчында шайба салып, көзге түсті.

Үздік шабуылшы – Александр Борисевич («Сарыарқа»)

Александр бес матчтың әрқайсысында балл жинап, турнирдің ең нәтижелі ойыншыларының біріне айналды. Іріктеу кезеңінде ойындардың бірінде дубль жасап, 8 (3+5) балл жинады. Борисевич «Арланмен» жартылай финалдық кездесудің қаһарманына айналды, онда ол хет-триктің авторы атанды. Финалдық бәсекеде шабуылшы берген пас «алтын» голға жеткізді.

Үздік жас ойыншы – Иван Зинченко («Ақтөбе»)

Турнирде үш матч өткізіп, нәтижелілігі үшін өз қоржынына 4 (3+1) балл жазды. Ол «Алтай Торпедомен» кездесуде дубль жасады, сонымен қатар ол салған екі шайба жеңіс әкелді. Пайдалылық көрсеткіші (+3) құрады. Осылайша, Зинченко өзінің табысты кезеңін жалғастыруда. Естеріңізге сала кетсек, шабуылшы жақында ProLigasy аясында қаңтар айының үздік жас ойыншысы атанған болатын.