Төрешіліктің төңірегіндегі дүрбелең бойынша Атқарушы директордың пікірі

29 qańtar
1839

Қазақстан хоккей федерациясы Кубокқа қатысып жатқан кейбір командалардың шектен тыс эмоцияға ерік беріп жатқанын, төрешілердің атына және төрешілікке байланысты ауыр айыптауларға жол беріп жатқан кейбір команда өкілдерінің арандатушылық әрекеттері мен көптеп пікір білдіргендерін атап өтті.

Жарыстарды өткізу бөлімі матч кезіндегі арбитрлардың іс-қимылдарына қатысты материалдарды егжей-тегжейлі зерттеп, оларға баға беруде.
Иә, матчтардың барлық материалдарын қарастырғаннан кейін арбитрлардың әдістемелік сипатта жіберген қателіктері анықталды, алайда бұл қателіктер матч нәтижелеріне әсер еткен жоқ. Мұндай қателіктер үшін төрешілерге айыппұл санкциялары салынды, алайда арбитрлар дұрыс шешім қабылдаған сәттер де болды. Дегенмен, команда өкілдері бұл эпизодтарды Халықаралық хоккей федерациясының ережелер кітабына сай келетін төрешілік техникасы мен әдістемесінен хабары жоқ бола тұра, өзінше талдайды және сонысымен жағдайды ушықтыра түседі.
«SARYARQA» - «BEIBARYS» командалары арасындағы матчтың эпизодына қатысты арбитрлар бейнетексеруден кейін қақпаны алудың күшін жойып, дұрыс шешім қабылдады. Бұл сәтте қақпашы қақпа алаңында тұрып, соққыға тойтарыс беретін позицияда тұрады, ал шабуылдаушы команданың ойыншысы өтіп бара жатып, қақпашы блиніне тиіп кетеді, мұнан соң голкипер таяғын түсіріп, осылайша соққыға тойтарыс беру қабілетінен айрылады.
Сондай-ақ біздің пікірімізді ойын ситуациялары мен даулы сәттерді талқылап, жемісті жұмыс жасап келе жатқан ҚХЛ-дағы әріптестеріміз де қолдады.
Осыған байланысты ХК басшыларын, бапкерлер мен ойыншыларды арбитрлардың жұмысына қатысты жөнсіз дау-дамайды ушықтырмауға шақырамыз.
Жарыс нәтижелері тек мұз айдынындағы ойнаушы командалардың әділ бәсекесі арқылы анықталатынын атап өткім келеді. Олардың алаңдағы іс-қимылдары, тактикалық сауаттылығы, концентрациясы, ойнау тәртібі ғана матч нәтижелеріне ықпал етеді және команданың жеңісі немесе жеңілісінің негізгі себептері болмақ.