«Сарыарқа» – «Бейбарыс» матчындағы эпизод бойынша ҚХФ түсіндірмесі

29 qańtar
1652

Parimatch – Хоккейден Қазақстан кубогы аясындағы «Сарыарқа» - «Бейбарыс» командалары кездесуінде «Сарыарқаның» қақпасын алуға байланысты эпизод орын алып, ол қазіргі таңда БАҚ-та белсенді түрде талқылануда.

Халықаралық хоккей федерациясының ережелеріне сәйкес, шабуылдаушы ойыншы қақпа алаңында тұрған голкиперді кездейсоқ жанап кеткен және голкипердің қақпаны қорғау қабілетіне әсер еткен жағдайда, қақпаны алу тіркелмейді (150-ші ереже – қақпашыны бұғаттаумен байланысты ойын жағдайлары).

«Бейбарыс» командасының басшылығы төрешілердің шешімімен және ҚХФ Республикалық жарыстар өткізу бөлімінің аталмыш эпизод бойынша берген түсірдірмесімен келіспейді. Осыған байланысты Қазақстандық хоккей федерациясының атына «Бейбарыс» командасынан турнирден мерзімінен бұрын шығару жөнінде өтініш келіп түсті.

Parimatch – Хоккейден Қазақстан кубогы регламентінің 16-тарауының 92-бабына сәйкес, команда өз бастамасымен немесе Республикалық жарыстар өткізу бөлімінің шешімімен турнирден алынып тасталған жағдайда, хоккей клубы ҚХФ басқа шешім қабылдағанша, ҚХФ өткізетін жарыстарға өз командаларын қатыстыру құқығын жоғалтады.

Бұл ретте ҚХФ алдағы бес жылда өз командасын шығарып тастауға жол берген клубтың бұрынғы басшылары жұмыс істейтін командаларға ҚХФ өткізетін жарыстарға қатысуға тыйым салу туралы шешім қабылдауы мүмкін.