Всеволод Яхонтты ойыннан аластатудың күші жойылды

28 qańtar
1210

Республикалық жарыстар өткізу бөлімі «PARIMATCH – 2021 жылғы Қазықстан Кубогының» «Алматы» ХК мен «Сарыарқа» ХК арасындағы №6 матчтың эпизодын қарап шығып, келесідей шешім қабылдады:

Матчтың 38-ші минутында ойыншы Всеволод Яхонттың («Алматы» ХК, №2) іс-қимылдары 159-қағиданың 7-ші «Қарсыласты таяқпен ұру» деген тармағына сәйкес келмейді. Бұл эпизодта ойыншыға «шағын айып» салынуы тиіс. Осылайша, ойыншы Всеволод Яхонтқа салынған айыптың (5+20) күші жойылсын.