PRO HOKEI LIGASY Қазақстан чемпионатының басталуы қарсаңында онлайн жиналыс өтіп, оған ҚХФ өкілдері, сондай-ақ клуб басшылары қатысты.
Кездесуде талқыланған басты мәселе – қатаң карантин жағдайында чемпионат матчтарының трибунадағы көрерменсіз өтуі. Бұған дейін клубтарға санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, жаттығу процесі мен матчтарды ұйымдастыру, ареналарда таза аймақтарды ұйымдастыру бойынша уақытша ұсыныстар, сондай-ақ ПТР-тестілеуден міндетті өту туралы ақпарат жіберілген болатын.
Бұдан бөлек, командалардың басқа қалаларға сапары кезіндегі қауіпсіз логистика мәселесі қарастырылды.
Сондай-ақ клубтармен ойыншылардың деректер базаларын, клубтардың маусымға қатысуға өтінім беруіне, ресми хаттамаларды жүргізуге және т.б. қажетті деректерді біріктіретін жаңа электрондық жүйе жөнінде түсіндіру жұмысы жүргізілді.