PRO HOKEI LIGASY матчтарында БАҚ-тың жұмыс жасау қағидалары

15 qazan
1443

PRO HOKEI LIGASY матчтарына маусымдық аккредитация алған БАҚ өкілдері қызметтік куәлігі болған немесе матч өтетін сәтке жарамды жұмыс орнынан анықтамасы болған жағдайда қатыса алады.

PROHOKEILIGASY матчтарына кіргізілетін БАҚ өкілдерінің саны 5-ЕУДЕН АСПАЙДЫ. БАҚ өкілдерінің кіруін бақылауды Спорт ғимаратының қауіпсіздік қызметінің жұмыскерлері БАҚ тарапынан ойынға дейін матчқа ие клубтың электрондық мекенжайлары бойынша ұсынылатын дербес тізімдер бойынша жүзеге асырады.

БАҚ өкілдері Спорт ғимаратына кірерде міндетті түрде термометриядан өтуілері тиіс. Спорттық ғимарат ішінде жүргенде БАҚ өкілдері міндетті түрде медициналық бетпердені тағуы керек. Бетперде болмаған жағдайда БАҚ өкілдері спорт ғимаратына кіргізілмейді.

Матчтардағы БАҚ-тың жұмыс жасайтын аймақтарына: трибунадағы баспасөзге арналған орындар, фото және ТВ-позициялар. Барлық жұмыс жасайтын орындар «таза емес» аймақта орналасқан. БАҚ өкілдерінің «таза аймаққа» өтуіне тыйым салынған.

Командалардың бас бапкерлерінің қатысуымен өтетін матчтан кейінгі баспасөз мәжілісіне БАҚ өкілдерінің қатысуына жол берілмейді. Бас бапкерлерге ойын бойынша қойылатын сұрақтар болған жағдайда ойынға ие команданың баспасөз хатшысымен немесе басқа жауапты тұлғамен байланысып, оларды кез келген қолжетімді электрондық тәсілмен қою қажет.

БАҚ өкілдерінің жұмысы әлеуметтік арақашықтық және коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша барлық санитарлық-гигиеналық шаралар міндетті түрде сақтала отырып, жүзеге асырылады.

Бұл Ұсынымдар уақытша сипатқа ие және және COVID-19-ға байланысты халыққа және спорттық мұз объектілері мен құрылыстарына қатысты шектеу шараларын толық жою туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің (немесе өзге де тиісті мемлекеттік органның) тиісті қаулысы және/немесе бұйрығы жарияланғанға дейін жарамды.