Арлан Карабаньмен қоштасып, Гагарин кубогінің иегерімен келісімшарт жасасты

16 shilde
880

Pro Hokei Ligasy командаларының трансферлік жаңалықтарын жалғастырамыз.

«Арланның» соңғы жылдардағы көшбасшыларының бірі Данила Карабань биыл команданы ауыстыруға бел буды. Нәтижелі форвард өз мансабын «Хумода» жалғастырады. Көкшетаулық жұртшылыққа «көкшеліктер» сапындағы ойынымен таныс қорғаушы Арсений Борисов керісінше, «Хумодан» «Арланға» ауысты.

Мұнан басқа, «Арланның» басшылығы қорғаушы Олег Железновты, сонымен қатар шабуылшылар Владислав Никулинді, Владимир Боровков пен Захар Пархоменконы сақтап қалды. «Көкжалдар» сапында тағы екі маусымға жас қазақстандық форвардтардың бірі Даниил Свинтальский қалады.

Команданың жаңа ойыншыларынан «Ак Барс» құрамындағы Гагарин кубогінің иегері Дмитрий Архиповті атап өтуге болады. Шабуылшы ҚХЛ-да 280-ге жуық матч өткізіп, қазандықтардан бөлек, «Сочи», «Амур» және «Куньлунь Ред Стар» үшін ойнады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.