Дмитрий Быков: «Қазақстан кубогі Өскеменде өтетініне, жанкүйерлеріміз тамызда-ақ хоккейге келе алатынына қуаныштымын»

5 shilde
710

«Торпедо» қорғаушысы Дмитрий Быков клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында алдағы жиындар мен 2024-2025 маусымына артатын үміттері туралы айтып берді.

«Торпедо» қорғаушысы Дмитрий Быков клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында алдағы жиындар мен 2024-2025 маусымына артатын үміттері туралы айтып берді.

- Маусымаралықта демалып, маусымалды жиындарға дайындалудың сәті түсті. Демалыс кезінде Астанаға сапарладым, одан кейін Мәскеуге бардым. Өскеменге оралғаннан кейін бапкерлер штабы дайындаған бағдарлама бойынша айналыса бастадым. Демалыс күндері Бұқтырмаға, Таулы Үлбіге бардым, балық та ауладық.

- Алда Сібеде жаттығу жиындары өтеді. Тер төгуге дайынсыз ба?

- Шынымды айтсам, жиында толықтай жаттыққым келеді, дененің өзі қажет етеді. Бұрын қиындау болатын, жыл өткен сайын оңайлай түседі. Алайда бәрінен де мұзға шыққым келеді. Қазақстан кубогі Өскеменде өтетініне, жанкүйерлеріміз тамызда-ақ хоккейге келе алатынына қуаныштымын.

- Қазір жылдың футбол турнирі қызған шақ. Еуро-2024-те кімге жанкүйерсіз?

- Трансляциясын көрген алғаш матчым – Австрия - Франция. Австрия құрамасының ойыны қатты ұнады және сол құрамаға жанкүйер болдым. Австриялық мен үшін турнирдің басты жаңалығы болды. Бұл Еурода қызықты жайттар көп болды. Саны көбейген автоголдар мысалы. Сондықтан Еуропа чемпионатының матчтарын қуана қараймын.

- Алдағы маусымға қандай мақсаттар қоясыз?

- Бастысы – бұл командалық жетістік. Әзірге менің мансап жолымда титулдар жоқ, сондықтан командамен бірге кубоктер мен медальдарға жетсек дейміз. Бізде мықты құрам жиналып жатыр, жастар көп. Мұзда дәлелдеуіміз керек.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.